Әлеумет

Еріктілер жалғызбасты қарияға баспана алып берді

Байғанин ауданына қарасты Жарқамыс ауылының тұрғыны Таңжарбай Жақин ауыл еріктілерінің көмегімен баспаналы болды. Жалғызбасты қарияға баспана кілтін табыстау шарасына аудан әкімі, Nur Otan партиясының аудандық филиалының төрағасы Қайрат Отаров қатысты.

Ерікті жастар Таңжарбай Жақиннің үйінің тозығы жеткенін қарияға көмек көрсетуге барған кездерінде байқаған. Сұрастыра келе, зейнеткердің үй кезегіне тіркелмегенін біледі. Сөйтіп, жастар өзара ақылдасып, қаражат жинау жұмыстарын ұйымдастыра бастайды. Кейін бұл іске ауыл әкімдігі мен ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері атсалысады. Ауылдық округ әкімі Руслан Обаевтың айтуынша, ерікті жастар қаражатты ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірге көрші ауылдарда концерт ұйымдастыру арқылы  жинаған. Сондай-ақ қарияға ауылдағы шаруа қожалықтары бірнеше қой тарту етіпті.

Өткен жылдың желтоқсан айында Жарқамыс ауылында құрылған «Нұр-Шапағат» еріктілер тобындағы жастардың дені — нұротандықтар. Ауыл жастары бұған дейін 18 көпбалалы отбасыға көмек көрсеткен. Сонымен қатар қайырымдылық концерттерін ұйымдастырып, науқас сәбилері бар 2 отбасыға қол ұшын созған. Ауылдағы жалғызбасты қариялардың ауласын қардан аршып, үйінің ішін әктеу, тазалау жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button