Әлеумет

 «Халық заңгерінің» ақысыз қызметі

Акция

Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр даңғылында орналасқан Халық кеңсесі ғимаратында «Халық заңгері» атты республикалық акция өтті.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ұйымдастырған әлеуметтік акцияға облыстың жоғары білікті адвокаттары мен заңгерлері жиналды. Олар жеке-жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарға тегін кеңестер берді. Сонымен қатар әр саланың басшылары мен өкілдері, прокуратура, әділет департаментінің қызметкерлері, сот орындаушылары мен медиаторлар құжаттар бойынша ақысыз қызметтер көрсетті.

Ауқымды шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов арнайы келіп, тұрғындардың мәселелерімен танысып, шешілу жолдарын қарастырды. Тиісті мекемелерге тапсырма берді.

«Халық заңгері» акциясына 40-қа жуық сарапшы, 14 кәсіби заңгерлер қатысты.

Мұндай шара аудан орталықтарының бәрінде болды. Басты мақсатымыз — халықтың құқықтық сауатын көтеру, ақысыз жәрдем жасау. Облыстағы білімді, тәжірибелі мамандарды шақырдық. Осы шарада  құжаттары рәсімделіп, көмек сұрай келгендердің шаруасын тез арада шешіп беруге тырысамыз.  Жыл сайын өтетіндіктен халық бұл акцияны біледі. Осы уақытта келіп бір жерден тұрғын үй, жер қатынастары, еңбек даулары, тағы басқа әлеуметтік мәселелеріне толық жауап алады, — дейді Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button