Әлеумет

Бағдарламаның сыйы — 400 баспана

Бақытты отбасы

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандар біршама жеңілдіктермен баспанаға қол жеткізбек. Ол үшін көпбалалы отбасылар мен толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға мүмкіндіктер қарастырылып, құжаттар қабылдануда.

«Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі аталмыш бағдарлама бойынша жолдама беруді бастады. Үймен қамтамасыз ету «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Онда 2 пайыздық несие бойынша рәсімделеді.

Тұрғындар «Нұр Ақтөбе» ауданында салынып жатқан жаңа үйлермен қатар екінші нарықтағы үйлерді де ала алады. Егер қала ішінен екінші нарықтағы үйлерді сатып алу үшін үй бағасының 10 пайызы болса жеткілікті. Бірақ сатып алушы оны өздері табу керек. Ал жаңа үйлердің бастапқы жарнасына қалалық әкімдік арқылы тұрғын үй сертификаттары беріледі. Бұл бағдарлама бойынша 400-ге жуық отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделуде,  — дейді тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Махаббат Баянқұлова.

 

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button