Ауыл

Жаңа мешіттің іргетасы құйылды

Иман

Темір ауданы Шұбарши ауылында жаңа мешіттің құрылысы басталды. Мешіттің тұсаукесер рәсіміне  аудан әкімі Жолдас Қалмағамбетов арнайы қатысып,тұрғындардың игі бастамасына сәттілік тіледі. Арнайы ас ұйымдастырылып, ақсақалдар батасын берді.

Бұрын асарлатып саман тастан салынған 80 адамдық мешіт ескірген. Көптен бері ауылға жаңа мешіт салуды жоспарлап жүрген шұбаршиліктер бұл іске жұмыла кірісіпті.

Ауыл әкімі Азамат Мәлікұлының айтуынша,мешіт салу — ауыл жастарының бастамасы. Әркім қолынан келгенше үлес қосыпты. Көптің көмегі арқасында құрылыстың жұмысы күзде бітеді деп жоспарланып отыр.

400 орындық мешіттің ішінде балаларға дәріс беретін бөлме мен әйелдерге арналған орын болады. Апта сайын жұма намазы кезінде Қазақстан мемлекеттік діни бірлестігі бекіткен тәртіппен ортақ тақырыпта уағыз айтылады. Мешіт имамы жастармен,оқушылармен тығыз байланыс жасап, тұрақты кездесулер өткізеді.

Мешіттің құрылысына ынталы азаматтар көп. Солардың белсенділігімен салынып жатыр. Біреулер цемент,  тас, тағы басқа құрылыс материалдарын беретін болды. Әр күні бір жылда туған жастар таңертеңнен кешке дейін көмек береді. Оны өздері ұйымдастырады. Жергілікті әкімшілік құжат бойынша жерімізді үлкейтіп берді. «Мешіт құрылысына көмек қолын созам» деген жамағатқа арналған қоржақын күндері заңды түрде ашылады. Мешітке түскен қаражат үнемі қайырымдылық шараларына жұмсалып отырады, — дейді ауыл имамы Нұрлан Адаев.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button