Жаңалықтар

Жаңа биіктерге бастайтын жол

Жуырда жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының тақырыптық жоспары мен он бағыты көңілге үлкен сенім ұялатты.

Ел дамуын айқындайтын басты 10 бағыттың ішінде халықтың табысын арттыру, ол үшін өсімді тұрақты ғана емес, қарқынды қамтуға күш салу керектігі басты назарға алынса, елдің рухани, мәдени және адами дамуына тежеу болатын кесел — жемқорлықты төмендетуге бағытталған реформалар жақын арада дайын болатыны көңіл қуантты. Ал ел бірлігін сақтау үшін әділ заңның үстем болуы қай кезде де маңызды. Сот қызметкерлері мен құқық қорғау жүйесі халықтың сеніміне ие болу үшін әлі де көп жұмыстар жүргізуі керек.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй мәселесін түбегейлі шешу, мемлекет бюджетін басты бағыттарға жұмсау туралы айтқан бастамасы да қай-қайсысымыздың да көкейімізге қуаныш сыйлағаны анық.

Елбасының айқындап алға қойған басты мақсаттарының бірі адами капиталды саналы да сапалы дамыту болса, білім саласын көркейтіп, медицинаға маңыз беріп, әділетті әлеуметтік саясат орнату да жарқын болашақ жолдамалардың бірі болып отыр.

Мемлекет басшысы көңіл бөлген, мен үшін жағымды басты бағыттың бірі — жас ұрпаққа деген бұрылыс, оларды жанашырлықпен қолдау. Болашақтың тірегі — жастарға жанашырлықпен қарау, олардың идеяларын, бастамаларын қолдау — біздің міндетіміз. Сондықтан алдағы уақытта Президент бастамаларын жүзеге асыру үшін бірігіп жұмыс жасап, бірауыздан еліміздің жаңа мүмкіндіктер мен келешегі зор мемлекетке айналуына үлес қосуымыз керек. Бұл орайда біздің білім ордасының ұжымы да өз үлестерін қосуға дайын!

Жеңіскүл Мұхамбетпайызова,

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің директоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button