Ақтөбе — 95

Құрметті «Ақтөбе» газетінің ұжымы мен оқырмандары!

Баршаңызды аймақтың шежірелі басылымдарының бірі — «Ақтөбе» газетінің шығуына 95 жыл толуына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атынан шын жүректен құттықтаймын!

Облыстың тыныс-тіршілігін қалың оқырманға жеткізіп, аймақтың жетістіктері туралы жазып келе жатқан баспасөз құралы қазір де мемлекеттің ел игілігі жолындағы істерін тиімді насихаттап отыр.

Өзінің тұрақты оқырманы қалыптасқан беделді басылым өзекті мәселелерді терең сараптап, мемлекеттік саясаттың бағдарын жұртшылыққа кеңінен таныстыруға айрықша қызмет етуде.

«Ақтөбе» газетінің шығармашылық ұжымын, ардагер журналистер мен жалпы оқырманын ортақ мерекемен шын жүректен құттықтап, байырғы басылымның алдағы күндерінің де жарқын болуына тілектестігімді білдіремін!

Құрметпен, Дәурен АБАЕВ,

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button