Спорт

«Ақтөбеде» бір ғана легионер ойнайды

«Ақтөбе» футбол клубы жанкүйерлері үшін ашық жаттығу өткізді. Жанкүйерлер футболшылармен әңгімелесіп, бірге естелікке суретке түсті. Жаттықтырушылар штабы мен ойыншылардың жанкүйерлермен кездесуі кезінде облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов «Ақтөбе» футбол клубының көп жылдан бергі негізгі мәселесі футболшылар, жаттықтырушылар мен клубтың басқа да қызметкерлері алдындағы еңбекақы бойынша қарызы болып тұрғанын атап өтті.

Ол «Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің жеке қолдауы мен меценаттардың арқасында қазіргі таңда клубтың бұрынғы ойыншылары алдындағы қарызы іс жүзінде өтелді. «Ақтөбе» — бұл құрамында 90% жергілікті ойыншылар мен бір ғана легионер — Саша Марьянович ойнайтын Қазақстандағы жалғыз клуб», —  деп атап өтті.

Футбол клубының өңір үшін әлеуметтік маңызы зор екенін ескере келе,  облыс басшылығы соңғы үш айдың ішінде бюджеттен тыс қаражатты тарту арқылы қарызды өтеудің тиімді шараларын қабылдады.

Бұған қоса облыс басшысы клубтың алдына клубтың жағдайына сөзсіз оң әсерін тигізетін бірқатар міндеттер қойды. Атап айтқанда, «Ақтөбе» басшылығы дайындық процесін күшейтіп, Қазақстан Премьер-Лигасының қалған турларында сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз етуі және жоғары деңгейлі жаңа ойыншыларды тарту жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Марат Тоқжанов жанкүйерлерді клубтың айналасына жиналып, төзімділік танытуға шақырды.

«Футбол клубының алдында 2020 жылғы маусымда еліміздің үздік клубтарының қатарына кіру және қалаға Еуропа кубогы турнирлерінің матчтарын қайтару сынды елеулі міндеттер тұр», — деді ол.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button