Рухани жаңғыру

Әңгіме өзегі — отбасы құндылығы

Семинар

Ақтөбе қаласындағы «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында «Әйелдік күш» семинар-тренингі және «Гендерлік саясатты іске асырудағы өзара іс-қимыл алгоритмі» атты дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, сондай-ақ әртүрлі салада қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер қатысты.

Семинарда психологиялық тренингтер ұйымдастырылып, бала тәрбиесі, ажырасу мәселесі, өмірлік мақсаттарды дұрыс қоя білу, кәсіппен айналысу, жетістікке жету секілді тақырыптар кеңінен айтылды.

— Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы қоғамдық бірлестігі 2001 жылы өз жұмысын бастады. Бұл ұйым — әйелдер мен балаларға әлеуметтік көмек ретінде құрылған үкіметтік емес ұйымдардың бірі.

Орталықтың бағыты — отбасылық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, отбасын нығайту жөнінде ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу, — дейді Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Дүйсенова.

Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы бүгінгі күнге дейін отбасын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған 50-ден астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен  «Отбасылық құндылықтарды насихаттау, әйелдер бастамаларын қолдау, гендерлік теңдікті дамыту» бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырды.

Ақбота БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button