Әлеумет

Құрметті облыс тұрғындары!

Ақтөбе облысының тұрғындарына

Үндеу

Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Жыл сайын ауылға мемлекеттік қолдау көрсету көлемі ұлғайып келеді. 2004 жылдан бастап қана бүгінгі уақытқа дейін ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуге 48,0 миллиардтан астам теңге салынды.

Ең заманауи технологияларды игерген орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны ұлғайып келеді.

Облыс тұрғындарын өз өндірісі есебінен негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі табысты шешілген.

Осы кезеңде 300,0 миллиардтан астам теңгеге жалпы ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.

Өкінішке қарай, соңғы үш жылда қуаңшылықтың салдарынан көпшілік ауыл шаруашылығы құрылымдарының қаржылық жағдайы шындығында да күрделене түсті.

Ағымдағы жылдың көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында жанар-жағар май мен тұқымды арзандатуға, техникалар мен басқа да тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алуға 942,0 млн. теңге аударылды.

Облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілері 40% арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етілді.

Көрсетілген қолдау көктемгі егісті ұйымдасқан және оңтайлы мерзімде өткізуге мүмкіндік берді.

Өкінішке қарай, күзгі және қысқы кезендерде топырақта ылғал жинаудың төмендігі, ағымдағы жылдың көктемі мен жазында жауын-шашынның болмауы, сондай-ақ сәуір-шілде айларында топырақтың беткі қабатының +50°-тан +60°-қа дейінгі температураға жетуі табиғи шабындықтардың күйіп кетуіне, астық және майлы дақылдар егістіктерінің жойылып кетуіне әкеп соқтырды.

Соның салдарынан мал шаруашылығын алдағы қыста жемшөппен қамтамасыз етуде қиындықтар туындап отыр.

Осыған байланысты мен облыстың барлық тұрғындарына жеке үй шаруашылығындағы малды жемшөппен қамтамасыз етуге белсене қатысу жөнінде үндеу жолдаймын.

Ал бұл көптеген ауыл тұрғындары үшін жеке үй шаруашылығы негізгі табыс көзі болғандықтан да өте маңызды.

Мал басын азайтуға, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді қысқартуға жол бермеу басты мақсат болуға тиісті.

Өзендер мен көлдердің жайылмаларында, орман алқаптарында және жолдар маңындағы жолақтарда мал азығын дайындау мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет.

Аудандардың, Ақтөбе қаласының және ауылдық округтердің әкімдеріне барлық елді мекендердің тұрғындарын мал азығын дайындауға ұйымдастыру жөніндегі жұмысты басқару тапсырылды.

Зейнеткерлердің, мүгедектердің және аз қамтылған отбасыларының мал басын жемшөппен қамтамасыз етуге басты назар аудару қажет.

Астық жинау кезеңінде ұйымдасқан түрде сабан жинау ірі мал азығын қосымша жинақтаудың резервінің бірі болуға тиісті.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының басшылары сабан жинау үшін қолда бар комбайн паркін алдын ала шөмелегіштермен жабдықтауы қажет.

Мал азығын дайындаудың барысына қолдау көрсету мақсатында мен мал азығын дайындаудың екі айлығын ұйымдастыру туралы қаулы қабылдадым, озат ұжымдарды көтермелеу үшін 5,0 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар осы мақсаттар үшін пайдаланылатын дизель отынын 50% арзандату үшін 150,0 млн. теңге бөлінді.

Тұрғындарға әрбір тоннасы үшін 400 теңгеден сатылатын шөп дайындаушы ауыл шаруашылығы субъектілерінің шығындарын субсидиялау жөніндегі мәселе шешілуде, ол үшін 170,0 млн. теңге қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің республика бюджеті — «НУХ «Қаз Агро» АҚ алдындағы берешектерінің мерзімін ұзарту, сондай-ақ облыстың қажеттілігі үшін өндірістік астық, тұқым және жемшөп бөлу туралы өтініш жасалған құжаттар пакеті әзірленді.

Қабылданған шаралар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және бағаның негізгі азық-түлік өнімдеріне бақылаусыз өсуіне жол бермейді.

Сондай-ақ мал азығын дайындау барысына күнбе-күн мониторинг ұйымдастырылып, мал азығына бағаны негізсіз өсіру есебінен пайда табудың алдын алу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Күш-жігерді жұмылдыру арқылы біздер қуаңшылықтың келеңсіз салдарын жеңіп шығатындығымызға және алдағы мал қыстағын қажетті мөлшердегі мал азығымен   қамтамасыз ететіндігімізге сенімдімін.

Құрметпен,

Ақтөбе облысының әкімі                                                                   Е.САҒЫНДЫҚОВ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button