Ауыл

Кәсіпкерлер көмегі: 314 іс жоспарланған

Ауыл — ел бесігі

«Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында ақтөбелік кәсіпкерлер туған ауылдарында әлеуметтік нысандар салып жатыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында «Ауыл — ел бесігі» ауқымды жобасының іске қосылатынын айтқан еді.Мемлекет басшысының бастамасы біздің өңірде кең қолдау тауып, «Ауыл қамқоршысы» акциясы жарияланды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша аталмыш акция аясында ауылдық елді мекендерде 2 млрд теңге қаржыға 344 жоба жүзеге асырылды: жолдар мен көпірлер жөнделді, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы күшейтілді, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді.

Дәрігерлік амбулатория, балабақша мен мәдениет үйлері сынды әлеуметтік нысандар құрылысының ірі жобалары да жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, 2018 жылдың қараша айында Алға ауданының Амангелді ауылында тұңғыш рет ауылдық клуб ашылды. Оны «Райымқұл» шаруа қожалығының басшысы Самат Қалдығұлов салған. Амангелді ауылы — кәсіпкердің туған жері.

«Мен осы ауылда туып-өстім. Мұнда ересектер мен балалар өздерінің бос уақытын өткізе алатын ауыл клубы немесе демалыс бағы болғаны есімде жоқ. 250 орындық клубтың ғимаратында теннис және бильярд үстелдерімен жабдықталатын екінші зал бар»,— дейді Самат Қалдығұлов. Ол клуб құрылысына 118 млн теңге жұмсаған.

Сондай-ақкәсіпкеросы жылдың көктемінде клуб аумағындағы үлкен бақты абаттандыру ісін қолға алмақ. Шыршалар отырғызылып, гүлзарлар егіледі, жүргіншілер үшін жолдар салынатын болады. Сонымен қатар, ол құны 25 млн теңге болатын қоғамдық монша салуды жоспарлап отыр.

«Өзге кәсіпкерлер де осы бастаманы қолдап, туған ауылдарына, туған жерлеріне көмектеседі деп сенемін», — дейді ол.

Алға ауданының Тамды ауылындағыдәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті. Бұл —бизнесмен Шамиль Каспрановтың туған ауылынатартуы. Жөндеу жұмыстарының құны 30 млн теңгені құраған. Енді тамдылықтар емделушілерге жақсы жағдай жасалған,жылы әрі жарық жерде медициналық көмек алатын болады.

Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтағы халыққа көмек көрсету ісіне басымдық беріліп отыр. Өткен жылдың күзінде Қарғалы ауданының Петропавл ауылында жетім өскен үш адамға жаңа, жайлы баспана сыйланған болатын. Үшпәтерлі үйдің жалпы алаңы — 163 шаршы метр. Тұрғын үй су, жарық және газбен жабдықталған. Құрылысқа кәсіпкер Ерзат Әлиқұлов 25 млн теңге қаржы бөлген. Бұдан бұрын Ырғыз ауылында жеті жетім бала баспаналы болды. Бұл қайырымдылық «Наурыз-СИМ» ШҚ директоры Ибрагим Сәрсенбаевтың арқасында іске асырылды. Ол жеті пәтерлі үйді абаттандыруға 47 млн теңге жұмсапты. Бұдан басқа, жаңа қоныс иелерінің ересектерін жұмыспен қамтып отыр.

Биыл ақтөбелік кәсіпкерлер туған ауылдарын қамқорлыққа алуды жалғастырады. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар 2,6 млрд теңгеден астам сомаға көмек көрсетпек. 199 елді мекенде денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ, мәдениет, спорт және т.б. салалар бойынша314 жоба жүзеге асырылады.Мысалы, кәсіпкерлер Қобда ауданының Қаракемер ауылындағы алпыс орындық мектептің, Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылындағы жабық спорт кешенінің, Мәртөк ауданының Хазірет ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен Шалқар қаласындағы Жастар сарайының және т.б. құрылысын қаржыландыру міндетін мойындарына алды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button