Денсаулық

Денсаулық фестивалі өтті

Қызылжар елді мекеніндегі М.Мақатаев атындағы №73 орта мектепте Денсаулық фестивалі өтті. Оған мектептің барлық ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Шараның мақсаты — салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды спортқа тарту, оларға денсаулықтың қадірін түсіндіру.

Фестиваль мектептің сыртқы спорт алаңында қатысушылардың сапқа тұруынан басталды. Бұдан кейін оқушылар мен ұстаздар қаз-қатар тұрып, жаттығулар жасады. Сондай-ақ әр сынып спорттық жаттығу түрлерінен, акробатика мен биден көріністер көрсетіп, өз шеберліктерін ортаға салды.

Шара соңында оқушылар ортада флешмоб билеп, қызықты эстафеталық ойындар ойнады. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті.

Фестиваль көңілді әрі қызықты өтті. Шараны тамашалауға келген адамдар мәз болып тарасты.

                                                      С.Исмағұлов,

                                                       мектеп мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button