Ауыл

Кітапханашылар мерейі

Байқау

Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінде Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен ауылдық кітапхана қызметкері Маржан Тоқсанбаеваның зейнет жасына шығуына орай «Кітапхана — мақтанышым» атты аудандық жас кітапханашылар байқауы өтті.

Жас кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, еңбектің жаңа формалары мен әдістерін енгізуге ықпал ету, кітапханашылардың имиджін нығайту мақсатында ұйымдастырылған байқауға Ақжар, Бөгетсай, Дөң, Көктау, Табантал, Тассай ауылының кітапханашылары қатысты.

Байқау барысында олар өздерімен қатар кітапханаларын таныстырып, арнайы бейне ролик көрсетті. Түрлі сұрақтарға жауап беріп, өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде ең үздік кітапханашы болып, І дәрежелі дипломмен Ақжар ауылдық кітапханашысы Ұлболсын Мақсатқызы марапатталса, ІІ дәрежелі дипломды Тассай ауылдық кітапханашысы Ақмарал Нұрмұханбетқызы, ал ІІІ дәрежелі дипломды Көктау ауылдық кітапханашысы Эльмира Әбдірахманова иеленді.

Сонымен қатар дәл сол күні қырық жылға жуық өмірін ауыл кітапханасына арнаған кітапханашы Маржан Тоқсанбаевамен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу кешінде Бөгетсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ғалымжан Түйтенов құттықтау сөз алып, кеш кейіпкеріне Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Кеш барысында Маржан Қалиоллақызына оқырмандары, «Қарлығаш» клубының мүшелері түрлі сауалдар қойып, арнау өлеңдерін оқыды.

Кездесу кеші Жеткерген Мырзахметұлының орындауында «Есте қалсын» әнімен қорытындыланып, естелік суретке түсумен аяқталды.

Ж.ТОКИН,

Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің әдіскері,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button