«Бақытты бала»Рухани жаңғыру

Балалар демалады, емделеді

Акция

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Бақытты бала» жобасы аясында Ақтөбе облысы әкімі аппаратының қызметкерлері «20 игі іс» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Шарада мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасы балаларына емдеу-сауықтыру орталықтарына жолдамалар беріліп, киім-кешек үлестірілді.

Жиынға қатысқан облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауов жыл басынан бері Астана қаласының және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шараларға тоқтала келе, 17 балаға ақшалай сертификаттар мен жазғы демалысқа жолдамалар табыс етті.

Атап айтсақ, 10 балаға Ақтөбе қаласындағы «Әсем» жазғы спорттық сауықтыру лагеріне жолдама, 5 балаға спорттық киімдер берілді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар Марат Сейтімовтің еміне 135 мың теңгенің, 3 жастағы бүлдіршін Айкөркем Қаныбектің ата-анасына 100 мың теңгенің сертификаттары табысталды.

— Менің ұлым Марат туабітті сал ауруымен өмірге келіп, өздігінен жүре алмайды. Арбада отырса да, ән айтып, түрлі үйірмелерге белсене қатысады. Жақында Ресей еліне ем алуға жол жүргелі отырмыз. Бүгінгі қайырымдылық акциясында қолдау білдіріп жатқан азаматтарға алғысым шексіз, — деді Айгүл Сейтімова.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button