Әлеумет

Халықаралық балаларды қорғау күнінде бірнеше жол жабылады

Ақтөбе қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау  күніне арналған мерекелік шеру өткізілуіне байланысты жолдар жабылатын болды. Бұл туралы қала әкімінің арнайы қаулысы шықты. Аталған құжатқа сәйкес, 29 мамырда сағат 16.00-ден сағат 20.00-ге дейін  Әбілқайыр хан даңғылы бойында В.Пацаев көшесінен «Айна» сауда үйіне дейінгі аралықта мерекелік дайындық кезінде жол жабық болады.

1 маусымда сағат 15.00-ден сағат 19.00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылының бойында Ә.Молдағұлова даңғылынан В.Пацаев көшесіне дейін және Абай даңғылы (екі жақ беті) бойынша Әбілқайыр хан даңғылынан Тургенев көшесіне дейінгі, соның ішінде Есет батыр көшесі аралығында  барлық көлік түрінің қозғалысы жабылады.

1 маусымда сағат 9.00-ден бастап сағат 11.00-ге дейін Қарғалы селолық округінің Сәтбаев көшесі бойында Геологическая көшесінен Мир көшесіне дейінгі аралықта жол жабық болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button