Білім

Ерке жүлдемен оралды

Жуырда М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенті Ерке Сүлейменова Қазан қаласында өткен бүкіл ресейлік 84-ші студенттердің ғылыми конференциясында жүлделі орынға ие болды.

Аталған конференцияға Ресей қалалары мен Үндістан, Украина елдерінен студенттер қатысты. Жан-жақтан келген студенттер өздерінің ғылыми жұмыстарын әр секция бойынша қорғады. Ал Еркенің тыныс тұншықпасы ауруына байланысты әзірлеген ғылыми жұмысы ішкі аурулар секциясы бойынша үздік танылды.

Конференцияға қатысу үшін алдын ала электронды пошта арқылы ғылыми мақаламды жібергенмін. Мақаланың іріктеуден өткені жазылған хат келгенде қатты қуандым. Барлық жолға қажет қаражатты оқу орны қамтамасыз етті. Конференциядан көп нәрсені үйренуге болады. Әр елден жиналған студенттер бір-бірімізбен танысып, өз білгендерімізді ортаға салдық. Жалпы, бұндай ғылыми халықаралық конференциялар біздің оқу орнында да өтіп тұрады, — деді Ерке.

Ерке биыл оқу орнын офтальмолог мамандығы бойынша тәмамдайды. Түрлі ғылыми жарыстардан жүлдемен оралып жүрген ол университетті де қызыл дипломмен бітірмек.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button