Білім

Халықаралық жарыста жүлдегер атанды

Ақтөбе қаласында «Best stars» халықаралық шығармашылық конкурсы өтті. Сайыста М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың «Дарын» бишілер тобы ІІ орынды иеленді.

Жарысқа Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Талпақова  бастаған төрешілер қазылық етті.

Байқауға қаланың барлық би студиялары белсене қатысты.

Соның ішінде 9-12 жастағы балалар арасындағы жарыста біздің мектептің 5 «а» және 5 «ә» сыныптарынан құралған «Дарын» бишілер тобы жүлделі орынға ие болды. Бұл — мектебіміз үшін, жалпы облыс үшін мақтаныш.

Айта  кету керек, біздің мектептің би тобы ер балалардың көп болуымен де ерекшеленеді. Өйткені, байқауда өнер көрсеткен басқа топтарда ер балалар мүлде жоқ, — дейді «Дарын» бишілер тобының жетекшісі Айгүл Шайманова.

Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Талпақова мектебіміздің мұғалімі Айгүл Шаймановаға жоғары кәсібилігі мен педагогикалық шеберлігі үшін алғыс айтып, ІІ дәрежелі диплом табыс етті.

«Дарын» бишілер тобы жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бақытты бала» жобасы бойынша өткізілетін республикалық байқауда өнер көрсететді.

Г.МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, 

мектеп-интернат мұғалімі.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button