Әлеумет

Кездесу тақырыбы — дін

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының бірінші — діни мәселелерге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөніндегі ақпараттық-насихаттық топ Алға ауданының халқымен кездесті. Топ құрамында дін істері, білім, мәдениет және спорт басқармаларының, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері мен  республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі Серік Тәжібаев бар.

Ақпараттық топ алдымен Алға ауданының Бестамақ және Бесқоспа ауылдарында жергілікті тұрғындармен, мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесулер барысында дін саласындағы өзекті мәселелер жөнінде түсіндіріліп, «Қара жол» көркем фильмі көрсетілді. Білім басқармасының мамандары мұғалімдерге кәмелет жасындағы балалар арасындағы құқықбұзушылықтың, экстремизмнің алдын алу және дінтану мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар-тренинг, коучинг өткізді.

Бестамақ ауылының тұрғындарына дін тақырыбын өзек еткен Т.Ахтанов атындағы облыстык драма театры дайындаған «Үлкен сұрақ» қойылымы көрсетілді. Көрсетілім алдында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Ж.Сүлейменов қойылымның шығу тарихы жайында баяндап, оның тәрбиелік мәні, жастарға берер тәлімі туралы баяндады.

Бұдан соң ақпараттық топ жұмысын Алға ауданының Маржанбұлақ және Үшқұдық ауылдарында жұмысын жалғастырды. Білім және дін істері басқармаларының қызметкерлері ауыл мектептеріне барып, оқушылар мен ұстаздарға жастар арасындағы құқықбұзушылықтың және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында дәріс жүргізді, «Жасөспірімдер дағдарысы кезеңінде психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында мектеп психологтары мен сынып жетекшілеріне коучинг әдісімен семинар-практикум ұйымдастырды. Аудан тұрғындарымен де кездесулер ұйымдастырылды, олардың ұсыныс-тілектері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

17 сәуір күні топ жұмысы Алға ауданының Бесқоспа, Бестамақ, Самбай, Нұрбұлақ ауылдарында жалғасты.

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының «Кең көлемдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және өзекті мәселелерді шешу» бағыты аясында спорттық шаралар да өткізілді. Мәселен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен жергілікті жамағат пен жастар арасында футболдан және әйелдер арасында волейболдан спорттық шаралар өткізілді. Оған 12 команда, 120-дан аса адам қатысты. Бестамақ ауылында футбол, волейболдан, Үшқұдық ауылында шағын футболдан жарыстар ұйымдастырылып,  жеңімпаздарға мақтау қағаздары табысталды.

М.САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button