Рухани жаңғыру

Маңызды әлеуметтік құрылыстар іске қосылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы бірқатар әлеуметтік жобалардың барысымен, сондай-ақ облыс орталығын одан әрі дамыту жоспарымен танысты.

Ол «Әсем» балалар лагеріне барып, «Бақытты бала» жобасы аясында балаларға арналған «Артек» секілді жыл бойғы демалыс орталығын аралады. Лагерьде қазірдің өзінде оқу ғимараты мен жастар орталығының құрылысы жүргізілуде.  Сәулетшілердің тұжырымына сәйкес, оқу ғимаратының дизайны бірнеше кітап түрінде орындалатын болады. Жақын арада балалар тұратын корпустар құрылысының жұмыстары  басталады. Лагерьде балалар оқу процесін тоқтатпай-ақ демалып, уақыттарын жан-жақты өткізе алады.

Бердібек Сапарбаев лагерь басшылығының назарын аумақты абаттандыру және сәндік декоративті безендіру мәселесіне аударуға шақырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің жанындағы жаңа Неке сарайын қарап шықты. Қазіргі уақытта ғимараттың әрлеу жұмыстары аяқталып келеді. Жалпы алаңы шамамен 6000 шаршы метрді құрайды. Қала әкімі Ілияс Испанов облыс басшысына Ақтөбе қаласының Орталық демалыс саябағы аймағында салынатын, атап айтқанда, ғашықтар аллеясы, орман және тарихи аймақтар, сондай-ақ тұрғындардың бос уақытын өткізетін басқа орындар туралы жобаны таныстырды.

Батыс-2 шағын ауданында Бердібек Сапарбаев «Аналарға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығының, мүгедек балаларға арналған оңалту орталығының және теннис орталығының құрылысы барысымен танысты.

«Аналарға тағзым» орталығы Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында салынуда. Кешенде психологиялық жеңілдету және кеңес беру, қолданбалы өнер, жалпы даму, музыкалық білім, стилистика және дизайн, отбасылық тренинг және басқа да кабинеттер жұмыс істейді. Жалпы алғанда, орталықта отбасындағы әйелдердің рөлін күшейту, болашақ аналарды қазақ халқының салт-дәстүрлерін ескере отырып дамытуға бағытталатын болады.

Балаларды оңалту орталығы заманауи материалдық-техникалық базамен және ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік, психологиялық және медициналық оңалтудың жағдайымен жабдықталады. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады. Ерекше балаларға арнайы білікті көмек көрсететін мамандандырылған орталықтың ашылуын ақтөбелік отбасылардың көпшілігі күтуде, себебі бүгінгі таңда облыста 3 мыңнан астам осындай ерекшеліктегі балалар тәрбиеленуде.

Балалар шығармашылық академиясының жанында теннис орталығы салынады. Спорт кешені 8 корттан тұрады: 4 жабық және 4 ашық. Мұнда 500-ден астам адам жаттыға алады. Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылуда.

Облыс басшысы жауапты мемлекеттік органдарға ғимараттар құрылысының уақтылы орындалуы мен сапасын мұқият қадағалауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button