Рухани жаңғыру

Ұлттық сананың кемелденуі

Жаңа 100 оқулық

Жанна ҚАДЫРОВА,

«Ақтөбе Даму» қоғамдық қорының төрайымы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық жаңғыру ұғымының өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіретінін атап көрсетті.

Бүгінгі күні аталған бағдарламада айқындалып берген міндеттер мен тапсырмалар кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Солардың бірі — «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Менің ойымша, бұл жоба жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіруге ерекше басымдық береді.

Әрине, рухани жаңғыруға бағытталған бұл жоба халықтың кең қолдауына ие болғаны ақиқат. Соның дәлелі — Елбасының қатысуымен алғашқы оқулықтардың таныстырылымы да өтті.  Бұл шарада Президент «100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісіндегі рөлі зор екенін айтып: «Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс», — деді.

Ең бастысы, бұл оқулықтар көпшілік үшін қолжетімді болады. Оқулықтардың электрондық онлайн нұсқасының шығарылатынын естіп, қуандық.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button