Әлеумет

Ақпараттық топ аудандарды аралайды

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен Елбасының биылғы Жолдауы мен Үндеуін түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық топтың аудандарға шығу мәселесі бойынша жиын өтті.

Ақпараттық топтың құрамында облыстық басқармалар мен департамент басшылары, қоғам қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері бар.

Ағымдағы жылдың 29-30 наурыз күндері ақпараттық топ мүшелері облыстың Ырғыз, Әйтеке би, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Ойыл аудандарына барып, 28 елді мекеннің тұрғындарымен кездесу өткізбек.

Елбасының биылғы Жолдауын насихаттау жұмыстары 10 қаңтардан бастау алғаны белгілі. Бұл мақсатта 235 ақпараттық топ құрылып, 782 кездесу өтті. Кездесулер барысында 165 мың адам қамтылды.

— Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, топ құрамында ІТ технология мамандары болуы керек. Топ мүшелері халыққа лекция оқып қана қоймай, қысқа бейнеролик, инфографика арқылы түсіндіріп, жаңа әдістерді пайдаланғандары жөн. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар міндетті түрде шешімін тауып, бақылауға алуынуы керек, — деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

— Бүгінде ақпараттық топ мүшелерінің жұмысы өз нәтижесін беруде. Жыл басында облыс әкімі барлық аудандар мен елді мекендерді аралап, халықпен кездесті. Осы уақытта жұртшылықтың пікірі тарапынан оң бағаланды. Облыстық ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімі Елбасы Жолдауы  және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сәуір айынан бастап облыстың сегіз ауданында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыру жалғасын табады, — деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button