Мереке

Наурыз келді

№8 Қурайлы селолық модельді кітапханасы Наурыз мерекесін атап өтті. «Өлкеме Наурыз келді» тақырыбында ұйымдастырылған шараны кітапхана оқырмандары Қурайлы мәдениет үйінің этно ауыл бұрышында қарсы алды.

Мерекелік бағдарламаның шымылдығын кітапхана оқырманы Әсия Жақсыбаева «Қосалқа» күйімен ашты.

Шара барысында мектеп оқушылары түрлі көріністер көрсетіп, кітапхананың ең жас оқырмандары әдемі тақпақтарын тарту етті.

2018 жылдың Қазақстандағы Өзбекстан жылы екендігін ескерген кітапхана ұжымы көрші ел тарихы жөнінде қысқаша мағлұмат дайындап, мерекелік кештің көрермендері  Өзбекстан халқының мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды.

Келушілерге Қурайлы мәдениет үйінің «Қиял ғажайыптар қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Әзима Әлімбаева қолөнер бұйымдарын таныстырып, «Армысың, әз Наурыз!» атты кітап көрмесі өтті.

Мереке «Радуга» би ансамблінің «Қазақ биі» атты биімен жалғасын тауып, соңында оқушылар мен көрермендер Қыдыр ата мен Ұмай ананың батасын алды.

Н.ҚҰЛЖАНОВА

№8 Қурайлы селолық модельді кітапханасының меңгерушісі.

Ақтөбе қаласы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button