Мереке

НАУРЫЗ — ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ МЕРЕКЕСІ

Қалалық мәдениет үйінің алаңында да Наурыз ерекше тойланды. Алаңға келген әрбір тұрғын бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татты. Киіз үй тігіліп, ұлттық спорттан жарыс ұйымдастырылды.

Мәдениет үйінің өнерпаздары көрініс қойып, ән шырқап, би биледі. Халық ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі әнді тыңдады. Қазақтың қолөнер бұйымдарымен танысты.

— Наурыз мейрамының жоғары деңгейде өтуіне қаламыздағы құрылыс бөлімдері және «Анвар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолдау көрсетті. Олар екі киіз үй құрып, қала тұрғындарына дастархан жайды. Дәстүр бойынша киіз үй тігіліп, жиналғандар ыстық бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татты. Қала тұрғындары үшін «Бауырсақ-party» ұйымдастырылып, жиналғандарға бауырсақ таратылды. Одан қалалық мәдениет үйінің алаңында бөлек гір, арқан тартыс, қол күресі, және басқа да ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті. Іс-шара барысында «Атамекен-Асылым» ардагер аталар мен аналар ән ансамблінің әжелері қазақтың аластау дәстүрін көрсетсе, батагөй ақсақалдарымыз жұршылыққа ақ батасын берді, — дейді қалалық мәдениет үйінің директоры Мұратбек Дәрібаев.

Наурыз думанды тойлауға келгендердің қарасы көп болды. Көпшіліктің мерекелік тілегін сұраған едік. Олардың арасында халықты ән мен жырға бөлеген, талантты жас әншілерімізді де кезіктірдік. Қала тұрғыны Фариза Ашакова бұл іс-шарада Наурыз-Көктем әннін шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

— Жыл сайын Наурызды қалалық мәдениет үйінің ұжымымен бірге қарсы аламын. Еліміздің еңсесі биік болып, мәртебесі арта берсін! Наурыз құтты болсын! — дейді ол.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button