Білім

Техникалық және кәсіби білім беруге айрықша көңіл бөлінеді

Облыста осы жылдың 20 ақпанына дейін техникалық және кәсіби білім беруді ұйымдастыруды жетілдіру және орын алған проблемаларды шешу бойынша ұсыныстарды әзірлейтін жұмыс тобы құрылады.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев барлық жергілікті жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылары қатысқан арнаулы орта білім берудің жұмыс істеуі мен дамуына қатысты жиын кезінде тиісті тапсырманы берді.

Топты облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев басқарып, оның құрамына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілдері, кәсіпкерлер, оқу орындарының басшылары және т.б. кіреді деп жоспарланып отыр.

Облыс әкімі: «Олар өз саласын жақсы білетін сауатты мамандар болуы керек. Топ колледждердегі білім беру мәселесін шешу мен сапасын арттыру бойынша нақты, соның ішінде ұзақ мерзімді ұсыныстарды талдап, әзірлейді», — деген тапсырма берді.

Бүгінде облыста 42 колледж болса, оның 26-сы – мемлекеттік. Колледждің әрбір төртінші студенті сырттай және кешкі формада оқиды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button