Әлеумет

«Жасыл» технология ауыл үшін қажет!

Болашаққа бастайтын 10 қадам

Елбасы биылғы Жолдауында негізгі он бағытты айқындап берді. Қай уақытта да алдағы міндеттерді жүйелі жұмыспен ұштастыра ұсынатын Елбасы бұл жолы «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасына басымдық беріп отыр.

Мемлекет басшысы ғасырлар бойы сан қилы тағдырды кешкен елді санаулы уақытта әлемнің кез келген мемлекеті санасатын дәрежеге жеткізіп, дамудың жаңа моделін ұсынды. Ол үшін уақыт ағымымен үндескен қажетті, ұзақ мерзімді бағдарламалар қабылданды. Ендігі міндет — жұмыс ырғағын жоғалтпай, жаңа сатыға өту. Ол үшін Нұрсұлтан Әбішұлы төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу жолын ұсынып отыр. Елбасының өзі айтқандай, «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді». Сондықтан Жолдаудың бірінші бағытында айтылған қайта өңдеу секторын қолға алуымыз қажет. Бұл жерде шикізатты қалдықсыз өңдеу үшін қолданыстағы техникаларды жаңғыртудың қажеттігін айтып жату да артық. Сол арқылы еліміздің экожүйесін қалпына келтірудің жолы ашылады.

Күні кеше ғана әлем көз тіккен халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін табысты өткіздік. Сол көрменің жетістігі арқылы «Жасыл» технологияларға инвестиция салуға бизнесті ынталандыру жолдарын ұсынып отыр. Өйткені, бізде тұрмыстық және өндірістік қалдықтар табыстың тежелуіне әкелетіні жасырын емес. Әсіресе, бұл аграрлық сектор үшін ауадай қажет. Сондықтан Елбасының аграрлық ғылымды дамыту жолын ұсынуы да түсінікті. Өйткені Қазақстан қашан да аграрлы мемлекет болды.

Төлеген МЕРУЕНОВ,

еңбек ардагері,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button