Білім

ҰБТ: жаңа формат жаңа сапаға бағыттайды

Жаңақоныс орта мектебінде ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты «ҰБТ: Жаңа формат жаңа сапаға бағыттайды» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Мақсат —  ҰБТ-ның жаңа форматын енгізуде  дайындық жұмыстарын күшейту, оқушыларға психологиялық көмек беруді ұйымдастыру.

Семинарға Бозой, Айшуақ, Қорғантұз орта мектептерінің және Аяққұм, Сарыбұлақ, Қопасор негізгі мектептерінің басшылары мен олардың орынбасарлары, пән мұғалімдері және Шалқар аудандық білім бөлімінің бас маманы Ж.Бекетова мен білім бөлімінің әдіскері Ғ.Данабеков қатысты.

Мектеп директоры Ә.Ниеталина өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, ҰБТ-да сапалы көрсеткішке жету үшін мектепте комплексті дайындық жұмысын жоспарлау туралы баяндады. 11-сыныпқа сабақ жүргізетін бірқатар пән мұғалімдері ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін айтты. Мектеп мұғалімдері Р.Оразбаев пен М.Салықбаева математика пәні бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері туралы айтса,  қазақ тілі пәнінің мұғалімі Т.Баймурзина мен тарих пәнінің мұғалімі А.Аметова оқушыларды мәтінмен жұмыс жасауға үйрету туралы баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп психологі Қ.Талмақова оқушыларды психологиялық тұрғыдан қалай дайындау керектігін айтты. Сондай-ақ «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда кездесетін кедергілер және олардан шығу жолдары»  тақырыбында коучинг өткізілді.

Мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ-ға сапалы дайындау — әр мектеп ұжымының алдындағы өзекті мәселе.  Семинарда әр мектептен бас қосқан ұстаздар пікірлесіп, тәжірибе алмасты.

Т. МҰРАТОВ,

Жаңақоныс орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button