Білім

Үш тілдің үздіктері

Ақтөбе қалалық №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасында Тәуелсіздік мерекесіне,  Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Елбасымыздың үш тұғырлы тіл саясатын қолдау мақсатында тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбиеленушілер арасында үш тілде мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Байқауды еліміздің Әнұранымен ашқан  бүлдіршіндер сүйкімді тілдерімен көрермендерінің жүрегіне жылылық орнатты. Байқауға қатысқан төрт-бес жас аралығындағы 18 балғын өздеріне берілген өлеңдерді үш тілде де нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды.

Сабрина Оразбаева ақын Несіпбек Айтұлының «Отан» атты өлеңін бала жүрегіне сыйғызып, ерекше сезіммен оқығанда тебіренбеген жан қалмады. Ал Артем Лесковецтің қазақ тілінде оқыған өлеңі көпшілікті сүйсіндірмей қоймады. Сондай-ақ, Амира Оразбаева да өзгеше қабілетімен көрінді.

Байқау қорытындысында қазылар шешімімен өзгелерден озып шыққан осы үш талапты балғын жүлдегер атанды.

Меруерт Нұрмағамбетова, Алуа Ғабидуллаева «Көрермен көзайымы», Бекет Ғапуров, Айсұлу Ағиса «Ең тәтті тіл» номинациялары бойынша топ жарып шықты.

Ақалтын ОРЫНБАСАРОВА,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button