Білім

Ақтөбеде қалалық олимпиада басталды

Ақтөбе қаласындағы №17 және №39 орта мектептерде ғылым негіздері бойынша қалалық олимпиаданың  салтанатты ашылуы болды.  

Олипиаданы өткізудің  мақсаты —  химиялық теңдеулердің және есептердің шешімін іздеу, қазақ және орыс тілдерінде шығарма жазу, тестілік тапсырмалар мен географиялық картамен жұмыс жасау, ағылшын тілінде сұрақтарға жауап  беру, диалог құру, сондай-ақ қызықтыратын креативті, шығармашыл, ізденімпаз балаларды  анықтау.

Қалалық олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы И.Бексұлтанова, қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың директоры Ж.Мұхамбетова, педагогикалық еңбек ардагерлері қатысушыларға сәттілік тіледі.

И.Бексұлтанова Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында білім саласына қатысты айтылған жайттарға тоқтала келе, жастарымыздың ел болашағын дамытуда осындай зияткерлік жарыстарға қатысуының маңызы зор екенін айтты.

Олимпиадаға қатысуға  барлығы 1526 өтініш түскен, оның ішінде 767 өтініш жаратылыстану-математикалық  цикл бойынша болса, қоғамдық-гуманитарлық цикл бойынша түскен өтініштің саны — 759.

Қазір олимпиаданың нышаны — «Данышпан Үкі» өткен оқу жылында олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен  №51 гимназияда тұр.

Биыл білім додасына төрелік ететін қазылар алқасының құрамында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, С.Бәйшев атындағы Ақтөбе университетінің оқытушылары мен ғалымдары бар.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button