АуылӘлеумет

Ауылдастар ниеті

Қайырымдылық

Қарабұтақ ауылында өткізілген «Жүректен жүрекке» тақырыбындағы қайырымдылық шарасының басты мақсаты — туа бітті сырқатқа шалдыққан екі жасар Айкөркем есімді бүлдіршіннің емделуіне қаржылай көмек көрсету.

Қарабұтақ спорт мектебі ұжымының ұйымдастыруымен мекемелер арасында волейболдан жарыс өтті. Бұл шараға 8 мекеме қатысты. Ойыншылар 2 топқа 4 командадан бөлініп ойнады. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Әйтеке би спорт мектебінен құралған команда иеленсе, екінші орынға аудандағы  көп салалы колледж ұжымы қол жеткізді. Үшінші орын Ж.Сәрсенов атындағы орта мектеп атынан қатысқан командаға бұйырды.

Қайырымдылық шарасы одан әрі Қарабұтақ ауылдық клубында ерікті жастардың ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» тақырыбындағы концерттік бағдарламаны тамашалаумен жалғасты. Шараға ауылдағы өнерлі жастардың бәрі түгелдей дерлік атсалысты. Олардың арасында С.Саимов, Ғ.Жақыпов, Г.Бөлесінова, Г.Жанұзақ, Ә.Аманжолов, А.Тоқтарова, Ә.Жеткергенұлы, Ә.Ғабидуллина, З.Жақсылықова, сонымен қатар осы кешке арнайылап келген Әйтеке би аудандық балалар саз мектебінің оқытушысы К.Айтмағанбетова, ақтөбелік «Екі езу» театрының әртісі Қ.Құрманғалиев өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің көңілінен шыға білді.

Кеш ұйымдастырушылары қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, жарыстан және концерттен түскен қаражатты Айкөркемнің ата-анасына табыстады.

Ж.ЕРКЕБАЕВА,

Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ ауылы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button