Құқық

Құқық беретін нормалар қажет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады делінген.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға жол бермеуді  қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органның күн сайынғы қызметінде алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет деген міндет қазір біздің алдымызда тұр.

Осы мақсатта «Батысқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары бойынша отырыстар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша  департаменті өкілдерінің  қатысуымен мемлекеттік қызмет істері туралы заңнаманы,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау, мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік-құқықтық  базасын қолдану  және түсіндіру мәселелері бойынша мәжілістер өткізілді.

Департамент ай сайын бұқаралық ақпарат құралдарында геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру бойынша мақалаларды жариялап отырады.

Қазіргі кезде мемлекеттік органның нәтижелі еңбек көрсеткіштеріне жеке, заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шағым немесе ескертулердің болмауы, келіп түскен сұрау салуларға мерзімінде жауап қайтару, қабылданған шешімнің және берілген қорытынды пікірлердің сапалы болуы, құжаттардың  сапалы қаралуы жатады.

Департаменттің өңірлік инспекциялары жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы сақтауына бақылау жүргізу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануға бақылауды жүзеге асыру  барысында тексеру шараларын жүргізеді.

Батыс Қазақстан бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 32 жер қойнауын пайдаланушыны тексеру жоспарланған еді, соның 28-і тексерілді. Жер қойнауын пайдалану нысандарында аталған тексерулерді жүргізу барысында жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы 34 бұзушылық анықталды. Мемлекеттік инспекторлардың жер қойнауын зерттеу және пайдалану бойынша барлық іс-әрекеті  Қазақстан Республикасының Заңына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылуда. Инспекциялық қызмет жүргізу нәтижесінде департамент өңірлік инспекциясының инспекторлары әкімшілік айыппұлдар салып, жалпы сомасы 9 291 555 теңге өндіріп алды.

Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Жоғарыда аталған олқылық жер қойнауын пайдаланушылардың тек әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ал анықталған бұзушылықтар бойынша шара  қабылдамауына жағдай туғызады да, соның салдарынан адам өміріне, денсаулығына, қоршаған орта және мемлекет мүддесіне жоғары тәуекелдер тууына әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты жасауға мүмкіндік туғызушы себептер мен шарттарға жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасының Заңнамасына геология және жер қойнауын пайдалану саласында өңірлік инспекцияларға анықталған бұзушылықтарды жоюға қатысты ұсыныстар беріп, оларды құзыретті органға жолдай алатын құқықтар беретін нормалармен толықтырулар енгізу жөнінде Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне ұсыныстар жолданды.

Жоғарыда аталған  ұсыныс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға, геологиялық  және жалпы жер қойнауын пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеуді білдіретін қоғамдағы құндылықтарды сақтап, бекітуге игі әсер етеді.

Р.ҚЫДЫРОВА,

 «Батысқазжерқойнауы» өңірлік департаменті

жер қойнауын пайдалануды мониторингілеу бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button