Рухани жаңғыру

Бетпе-бет жүздесулер

Ақпараттық-насихат тобы Байғанин ауданына жолға шықты. Дүйсенбі күні топ мүшелері Ақжар, Қаратөбе, Лақтыбай ауылдары тұрғындарымен, сондай-ақ аудан аумағында жұмыс істейтін мұнай компаниялары ұжымдарымен кездесті. Аталған топ құрамында шығармашылық интеллигенция өкілдері, еңбек ардагерлері бар.

Президент Жолдаулары, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы әңгіменің басты арқауына айналды. Сондай-ақ елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың мәні кеңінен түсіндірілді. Тұрғындар осы мәселелер бойынша өздерін толғандырған сауалдарға жауап тапты.

Топ мүшелері байғаниндіктерге қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен бірге шалғайдағы елді мекендер проблемалары кеңінен қозғалды.

Кездесуге келгендер мұндай шараның өздері үшін аса қажетті екенін атап көрсетті. Негізінде қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуды көздейтін мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетін ашып көрсету олар үшін маңызды екендігін тілге тиек етті.

Ақпараттық-насихат тобының алдағы кездесулері Дияр, Миялы, Оймауыт, Баршақұм, Алтай және Қаражар ауылдарында жалғасады.

Кездесуге қатысушыларға 2018 жылға облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттеріне тегін жазылу сертификаттары тапсырылды.

Н.ДОСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button