Мәдениет

Жаңа маусымның ашылуына келіңіз!

Ертең, 12 қазан күні Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы жаңа театр маусымын бастайды.

Ұжым жаңа маусымды Дулат Исабековтің «Ескерткіш операциясы» комедиясымен ашады. Бұл шығарма өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында жазылғанмен, жазушы көтерген мәселе өзектілігін жойған жоқ: «керемет» боп көріну, арзан «абырой» жолындағы көзалдаушылықтар, адам тағдырын мазаққа айналдыру…

Бұл спектакль театр репертуарында бірнеше жылдан бері келеді. Қоюшы-режиссері — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек. Қойылым сағат 19.00-де басталады.

Ендеше, театрға келіңіздер!

 Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button