Ауыл

«Жеңістің» көрсеткіші жоғары

Көктемгі және күзгі науқандық жұмыстар облысымыздың оңтүстік аудандарында өзге өңірлерге қарағанда бұрын басталады және ерте аяқталады. Кеше Темір аудандық ауыл шаруашылығы  бөлімінің басшысы  Есмағамбет Төлеуов аудан көлемінде биылғы дәнді дақыл жинау науқанының аяқталғанын хабарлады.

Бұл  өңірде биылғы жылы аудан бойынша барлығы 7800 гектар егіс егілген. Оның 2200 гектары — дәнді дақылдар, 320 гектары — күздік қара бидай, 1800 гектары — мал азықтық дақылдар. Мұнымен бірге 283  гектар жерге суармалы егіс егілген. Бұл суармалы егістің 134 гектары — картоп, 100 гектары — көкөніс, 34 гектары — бақша дақылдары.

Қазіргі уақытта аудан бойынша дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толық   аяқталған. Қазір мал азықтық дақылдарды дәнге шабу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданның бөлім басшысының мәлімдеуінше, егін жинау жұмыстарының  көрсеткіштері  бойынша арпаның әр гектарынан  орта есеппен 10,0 центнерден,  тары  егісінен 10  центнерден, күздік қара бидайдан 9,6 центнерден  өнім алынған. Бұл биылғыдай ауа райы құбылмалы болған жылы тәуір көрсеткіш.

Егін жинау  науқанында  кейбір жекелеген шаруашылықтар ауданның орта көрсеткішінен де жоғары көрсеткішке жеткен. Мысалы, «Жеңіс» шаруа қожалығы  дәнді дақылдың әр гектарынан 11,4 центнер, «Шаңырақ» шаруа қожалығы 11  центнер, «Достық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10,1 центнер өнім жинап, тәуір  көрсеткішке жетті.

Қазіргі  уақытта шаруашылықтар күздік қара бидай себуге және сүдігер жыртуға  дайындалуда.

А.ҚАЗЕКЕНОВ,

Темір ауданы.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button