Әлемде

Қатар тұрған үш көліктің үстінен секіріп, әлем рекордын орнатты (Видео)

Американың кәсіби секірушісі Далтон Смит ерекше трюк жасап, әлем рекордын орнатты.

Ол арнайы секіруге арналған пого-стик таяқшасының көмегімен «Nissan» компаниясы ұсынған «Nissan Juke» маркалы қатар тұрған үш көліктің үстінен секіріп өтті.

Видеожазбадан трюк алдында аздап жаттығу жасап алған ол, трюк үшін қажетті биіктікті таңдап алған соң, көзді ашып-жұмғанша үш көліктің арасынан секіріп өткен сәтін тамашалауға болады.

Рекорд жаңартқан әуесқой бұл трюкті әп сәтте, оп-оңай жасап шыққандай көрінгенімен, ол мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін ұзақ уақыт бойы тер төгіп, еңбектенгенін айтып, сырымен бөлісті.

Reactor.inform.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button