АЭС

Болашаққа жасалған үлкен қадам

Айман КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ,
белсенді жас.
Байғанин ауданы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті рет Қазақстан халқына Жолдауын жариялағаны белгілі. Осы жолы да әдеттегідей бүгінгі таңдағы өзекті мәселені ортаға салып, шешу жолдарын ұсынды.
Соның ішінде ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін АЭС салу мәселесінде референдум өткізуді ұсынды. Бұл маңызды қадамға енді Қазақстанның әр азаматы саналы ойланып, өзге елдің тәжірибелерін саралай келе өз таңдауын жасайды. Жасыратыны жоқ, энергия тапшылығы мәселесі келешек ұрпақты мұқият ойлануға үндейді. Қазақта «Шегірткеден қорыққан егін екпейді» деген сөз бар. Қаупінен сескене берсек, өзімізде уран сияқты шикізаты бар АЭС құрылысын кейінге тарта беретіміз анық. Бүгін күннің талабы қарқынды экономикалық даму, заман талабына ілесу, елдің барлық дам саласына қолайлы жағдай жасау екенін ұмытпайық. Сондықтан 6 қазан күні өтетін референдумға барлығымыз жаппай қатысып, өз таңдауымызды жасайық дегім келеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button