Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Энергетика
АЭС салудықолдаужөніндегіоблыстықхалықтық штаб мүшелері «Табыс-Ақтөбе» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесті. Жиында атом индустриясы еліміздің экономикасы үшін жаңа мүмкіндікке жол ашатыны айтылды.
Басқосуда қалалық мәслихат депутаты Дамир Көпжасаров АЭС құрылысыэкономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық артықшылықтарға ие екендігін атап өтті.
— Елімізде АЭС салынса, ғылыми-техникалық және жоғары білікті кадрлардың өсуіне мүмкіндік береді. Мәселен, жобаны іске асыру кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылса, стансаның жұмысы кезінде 2 мың адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ АЭС-тегі әрбір қосымша салаларда 10-ға дейін жұмыс орны ашылады. Бұл еңбек нарығына айтарлықтай оң әсер етеді. Жергілікті өнеркәсіп дамиды. Сонымен қатар тұтынушылар 60 жылдан астам уақыт энергиямен қамтамасыз етіледі, — деді ол.
Ал қалалық мәслихат депутаты Қайырбек Таханов АЭС құрылысын экономикалық өсудің басты факторы ретінде атап өтті.
— Энергетика дамымай, ел экономикасының дамуы мүмкін емес.АЭС құрылысы экономиканың барлық саласына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң әсер етеді. Сондай-ақ ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік береді. Парниктік газдың таралуын азайтады. Сондықтан бір шешімге келуіміз қажет,— деді ол.
Жиында атом индустриясының өзге де тиімділігі мен осы салада баса назар аударатын мәселелер айтылды.
К.ҚОПАЕВА.