Мәдениет

Ахтанов театрында — жаңа маусым

Театр

Сәрсенбі күніТ.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында жаңа маусым ашылды. Мұндағы қос труппаның көрермендерге ұсынар жаңалығы көп.

Дәстүрлі маусымашар рәсімінде актерлер қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, жиналған қауымның алдында ән-биден  шашу шашты. Артынша биыл мерейлі жасқа толған орыс труппасының актрисасы Мәдениет саласының үздігі Ангелина Недюжинаның иығына қамзол жауып, сый-құрмет көрсетілді.

— Биыл қазақ труппасы 34-ші, ал орыс труппасы мерейлі 60-шы маусымын ашып отыр. Осы маусымның шымылдығын «Қобыланды» драмасымен ашуды жөн көрдік. Батырдың эпостық жырдағы тұлғасы қойылымда бөлекше сипат алған. Эпос желісімен сахналанған қойылымның режиссерлік шешімі де ұтымды. Қоюшы режиссері — Дина Жұмабай. Бұйыртса, қазан айында осы спектакльмен республикалық фестивальге барамыз. Артистердің диалогі, пластикалық би арқылы кейіпкерлердің ойыны, жалпы оқиға барысы түрлі әдіс-тәсіл арқылы қамтылатын қойылым қоржынымызға олжа салады деген үміттеміз.

Жаңа маусымдағы басты жаңалығымыз— Ақтөбе қаласында қазақ музыкалық драма театрының жаңа ғимаратының құрылысының басталуы, — дейді Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының директоры Сайлау Қамиев.

P.S. Өнер ұжымының жаңа маусымдағы жаңалықтары туралы газетіміздің алдағы сандарынан толығырақ оқи аласыздар.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button