Құқық

Ішкі талдау ықпалы

Ақтөбе қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жүйелі шаралар қабылдануда.
Қала әкімі аппаратының басшысы Ж.Зиненің төрағалымен «Мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі» тақырыбында мемлекеттік мекемелердің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру сипатында кездесу өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік мекеменің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеудің маңыздылығы аталып өтті. Жауапты тұлғаларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, осы шараны жүзеге асыру барысында жиі кездесетін қателіктерге жол бермеу жөнінде ұсынымдар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін толықтай меңгеру мақсатында үлгі ретінде өзге мемлекеттік мекемелерде жүргізілген сыбайлас жемқорлық ішкі талдаудың жүйеленген анықтамасы қаралды.
Кездесу қорытындысында мемлекеттік мекемелерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмысты күшейту және оны жандандыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Г.ЖҰМАҒАЛИЕВА,
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің
бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button