МәдениетӘлеумет

Фестивальге келіңіз!

6 тамыз күні сағат 19.30-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта  Ақтөбе қаласындағы барлық білім ордаларындағы оқушылардың қатысуымен алғаш рет «Жайдарлы жаз — 2017» атты шығармашылық фестивалі өтеді.

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Индира Бексұлтанованың айтуынша, бұл күні сахна төрінде ең үздік концерттік номерлер мен арнайы бағдарламалар жұртшылық назарына ұсынылмақ.

— Шығармашылық фестивальде жаз кезеңінде жұмыс істеген мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлер мен аула клубтарының жұмысы қорытындыланады. Балалар жазғы демалыста үйренген өнерлері мен білімдерін ортаға салады. Саябақта қолөнер шеберлерінің көрмесі,  шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылмақ.

Шараға мектептен тыс 14 мекеме және 4 аула клубы, қала сыртындағы «Ақбөбек», «Достық», №21 мектептің тілдік лагерлерінен барлығы 1500-ге жуық бала қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ ұйымдастырылған жарыстың үздіктері анықталып, қала әкімінің атынан арнайы марапатқа ие болады. Фестиваль алдағы жылдары да дәстүрге айналады деген сенімдеміз.  Ақтөбелік өнерсүйер қауымды жексенбі күні өтетін мерекелік кешке шақырамыз, — деді Индира Бексұлтанова.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button