Ауыл

Елордаға арналған көрме

Байғанин аудандық музейінде Т.Жармағанбетов атындағы орта мектептің жанынан құрылған лагерь демалушыларының қатысуымен «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрменің негізгі мақсаты — Астана қаласының тарихы және ел өміріндегі елеулі оқиғаларды ұрпаққа жеткізу.

Елордаға арналған көрме аясында «Астана — Еуразия жүрегі», «Астана ЭКСПО-2017» атты видеороликтер көрсетіліп, балаларға Астана туралы сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар Астананың тарихы жайында балаларға қызықты мағлұматтар берілді.

Нұрсұлтан Есенғұлов

экскурсия жүргізушісі.

Байғанин ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button