Ресми

«Алаш туы астында» атты аймақтық жас ақындар мүшәйрасының ережесі

Жалпы ережелер.

  • «Алаш туы астында» атты аймақтық жас ақындар мүшәйрасы «Алаш» партиясының 100 жылдығына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналып  өткізіледі.
  • Мақсаттары мен  міндеттері және  өткізу  тәртібі:
  • Байқаудың ұйымдастырушылары — Ақтөбе  облысының  мәдениет, мұрағаттар  және  құжаттама басқармасы, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер   кітапханасы.

Мүшәйраның  мақсаты:

  • Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіру жастардың бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау;
  • Жастардың Қазақ елінің  тарихын  білуіне, патриоттық  сезімдері мен азаматтық  жауапкершілігін арттыруға жол ашу;
  • Ел арасындағы  таланттарды  танып, олардың  шығармашылық  ізденісін  ұлғайту және сол арқылы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу, жас таланттар мен дарынды ақындарды ынталандыру.

Мүшәйра  тақырыптары:

  1. «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» (1 өлең)
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне — 25 жыл (1 өлең)
  3. Еркін тақырып (1 өлең)

Мүшәйраны  ұйымдастыру  және  өткізу  тәртібі, мерзімі.

  1. 1 мамыр — 20 қыркүйек аралығында  С.Жиенбаев  атындағы  облыстық жасөспірімдер  кітапханасында  байқау  жұмыстары  қабылданады.
  2. 20 қыркүйек — 25 қазан аралығында әділ-қазылар  алқасының  сараптау жұмысы, жеңімпаздарды  марапаттау  рәсімі  жүргізіледі.

Мүшәйраның  шарттары:

Мүшәйраға Ақтөбе облысынан 14-35 жас  аралығындағы ақындар қатыса алады.

Байқауға қатысушылар «Алаш» партиясы жайлы, азаттық аңсаған қазақ зиялылары, олардың елге жасаған қызметі мен елеулі еңбектерін арқау еткен өлеңдерді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне және өзі қалаған тақырыптағы поэзиялық шығармаларын тапсыра алады. Байқауға келіп түскен өлеңдер алдын ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі. Сұрыптаудан өткен өлеңдер ғана облыстық ақындар мүшәйрасының қорытынды кешіне шақырту алып, марапаттау салтанатына қатыса алады. Марапаттау кешінде жүлделі үш орынға және ынталандыру орындарына  ие болған өлеңдердін  авторлары  өз  шығармаларын  мәнерлеп  жатқа  оқуларына мүмкіндік болады.

Мүшәйраның  талаптары:
Мүшәйраға қатысушы талапкер берілген тақырыптарға сай бұрын ешбір жерде жарияланбаған, бұған дейін ешбір байқауға қатыспаған авторлық өлеңдерін ұсынады.

Авторлар өлеңдерінің бір данасын электронды түрде  CD-дискіге немесе флешкаға жазады. Екінші данасын  А4 форматтағы параққа жазып, электронды нұсқамен бірге   №1 үлкен конвертке салады. Өлеңнің екі данасына да автордың бүркеншік аты жазылады.

Автор өзі туралы толық мәліметті, байланыс нөмерлерін, мүшәйраға қатысу туралы сұранысты  төмендегі үлгі бойынша толтырып,  10*15 көлеміндегі сапалы суретімен қосып, №2 кішкентай  конвертпен жолдайды.

Мүшәйраға қатысу үшін жолданған құжаттар кері қайтарылмайды және ұйымдастыру алқасы авторлардың өлеңдерін БАҚ беттеріне, жинаққа жариялауына міндетті.

Өлеңдер  мен  өтініштер  2017 жылдың  қыркүйек  айының  20-на  дейін  С.Жиенбаев  атындағы  облыстық  жасөспірімдер  кітапханасында  қабылданады.

Қатысушылар өлеңдерін  мына мекен-жайға жіберуі керек:

Ақтөбе қаласы,  индекс  030007, М.С.Прохоров көшесі, 11 үй.

Байланыс телефондары:  7 (7132) 50-44-48

e-mail labrari@mail.ru

Жеңімпаздарды  марапаттау:

  • Мүшәйраның жеңімпаздары I, II, III  дәрежелі  Дипломдармен, Алғыс хаттармен  және бағалы сыйлықтармен  марапатталады.
  • Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі С.Жиенбаев  атындағы  облыстық жасөспірімдер  кітапханасында  2017 жылдың 25 қазан  күні  сағат 11.00-де  өтеді.
  • Мүшәйраның жеңімпаздары туралы хабарлама кітапхананың сайтында

www. aktobeoub.kz. және  БАҚ-да  жарияланады.

  • Мүшәйраның қорытындысы бойынша «Алаш туы астында» атты мультимедиялық жинақ  басып  шығарылады.

№2 конвертке  салынатын  сұраныс  үлгісі

р/с Сипаты

 

Мәлімет
1 Автордың толық аты-жөні  
2 Автордың бүркеншік аты  
3 Туған жылы, айы, күні  
4 Оқитын немесе жұмыс жасайтын мекемесі  
5 Мекенжайы  
6 Байланыс нөмірі  

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button