Ресми

Квазимемлекеттік сектор және сыбайлас жемқорлық

Қолданыстағы еңбек заңнамасы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде сыбайлас жемқорлық қатысты қылмыстар жасаған тұлғаларға қатысты белгілі бір шектеулерді көздейді. Яғни бұл сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналастыруға жол берілмейтінін білдіреді.

Конституциялық Соттың 2023 жылғы 31 тамыздағы Нормативтік қаулысымен Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 2-тармақшасы төмендегідей түсіндірмеде Конституцияға сәйкес деп танылды:

— «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен құқықтық өзара байланысты болу үшін сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған адамның квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына шектеу көрсетілген ұйымдарда басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарға үміткер адамдарға қатысты қолданылады.

Егер бұрын квазимемлекеттік субъектілерге жұмысқа орналасудағы шектеу сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған адамдарға барлық лауазымға қолданылған болса, қазір бұл мәліметтер басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға үміткер адамдарға ғана қатысты талап етіледі.

Аталған санатқа «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабы 2-тармағының 2-1-тармақшасына сәйкес көрсетілген ұйымдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды тұрақты, уақытша не арнаулы өкiлеттiк бойынша орындайтын адамдар жатады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік қызметтер көрсету аясында ұсынады.

Мемлекеттік қызметтің қабылдануы және ұсынылуы  www.egov.kz —  «электронды үкімет» веб-порталы арқылы және оның eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Қызметтің орындалу уақыты — 10 минут, қосымша тексеру қажет болған жағдайда — 5 жұмыс күні.

Сондай-ақ аталған қызмет «электронды үкімет» порталындағы «үшінші тұлғаларға анықтамалар беру» сервисі арқылы жұмысқа орналасатын кандидаттарға қатысты мәліметтер, олар «жеке кабинет» және (немесе) sms-растау арқылы келіскен жағдайда жұмыс берушілерге де қолжетімді. ​

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button