Ресми
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру
Ұйымдастырушы: |
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ |
Орналасқан жері: | Актобе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 657 кабинет |
Байланыс телефоны: |
410-444 (ішкі нөмерлер 112, 114). |
Өтінімдерді қабылдау нысанасы: |
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. |
Өтінімдерді беру орны: | Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 657 кабинет |
Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: | 2024 жылдың «1» наурызынан бастап 2024 жылдың «15» наурызына дейін |
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: | 2024 жылдың «1» наурызынан бастап |
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: | 2024 жылдың «15» наурызына дейін
|
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз. |
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдер келесі мекенжай бойынша қабылданады:Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 657 кабинет.
Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.