Ресми

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік иелеріне өткен жылға көлік құралдарына салық төлеу туралы еске салады

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік иелеріне өткен жылға көлік құралдарына салық төлеу туралы еске салады

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 2023 жылға төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 сәуірде аяқталады.

2023 жылға салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (3 450 теңге мөлшерінде) қолданылады.

Көлік салығын қалай есептеуге болады: көлік құралдарына салынатын салық сомасын kgd.gov.kz web-порталында калькулятордың көмегімен есептеуге болады және «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында.

Салықтың есептелген сомалары бойынша ақпарат 2024 жылғы наурызда «Каспи банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілетін болады.

Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kzweb-порталда «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде қолжетімді, «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында және «Каспи банк» АҚ және «Халық банк» АҚ екінші деңгейдегі банктерінде.

Аталған мобильді қосымшалардың барлық пайдаланушылары 2023 жылғы көлік құралдарына салынатын салықтың есептелген сомаларын көре алады.

Салықты төлеу тәсілдері: көлік құралдарына салынатын салықты жеке тұлғалар жоғарыда көрсетілген мобильді қосымшаларда және басқа да, тәсілдермен төлей алады, мысалы: екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелерінде, «Қазпошта» бөлімшелерінде және төлем терминалдарында банктік карталардың көмегімен, қолма-қол ақшамен.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button