Құқық

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүдделері қорғалады

Ақтөбе қалалық прокуратурасында бөлім прокуроры Бақытжан Ешмағамбетов

мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүдделерін қорғау, яғни Әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғалардың құқықтары» деген тақырыпта баяндап берді.

Оның айтуынша, қалалық прокуратура тарапынан әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалардың мүдделерін, оның ішінде мүліктік құқықтарын қорғау  мәселелеріне  қатысты жүргізілген талдау жұмыстары нәтижесінде әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғаларға және оның мүліктеріне қорғаншылық тағайындалмау не мерзімінен кешіктіріліп тағайындау, аталған санаттағы  тұлғалардың медициналық  ұйымдарға  тіркелмей, мүлдем медициналық көмексіз қалу деректері орын алғаны анықталған.

Сонымен бірге бүгінгі күнге дейін қорғаншылық тек жылжымайтын мүлікке  тағайындалып  келген,  ал  өзге  нысандағы  мүліктер  болуы анықталмаған, тиісінше  оларға ешқандай  қорғаншылық  тағайындалмаған.  Осының  салдарынан қорғаншылық органының  келісімінсіз  әрекет  қабілеттілігі  жоқ тұлғалардың мүліктерін иеліктен шығарудың 10 дерегі орын алған.

Қабылданған прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде 10 тұлғаның мүлкіне қорғаншылық тағайындалып, жылжитын мүліктеріне (автокөлік)

шектеулер  салынды,  назардан  тыс  қалған  35  тұлға кепілдендірілген медициналық көмекпен қамтамасыз етіліп, 20-на жеке оңалту бағдарламасы жасалды және бір кәмелетке толмаған балаға мүгедектігі белгіленіп тиісті төлемдер тағайындалды.

 

Н.ӘБДІЛДАҰЛЫ.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button