Білім

Балалар Экспоға барады

Аудандық  білім  бөлімі 2016-2017  оқу жылдарының аяқталуына  байланысты  жалпы  білім  беру  ұйымдарында  дарынды  оқушылармен жұмыс барысын қорытындылады.

Ауданымызда жалпы дарын бағыты бойынша пәндік олимпиадаларда 50-ге жуық, интеллектуалды ойындарда – 200-ге жуық, түрлі байқауларда — 20-ға жуық, ғылыми жоба қорғауда — 40-қа жуық, спорттық жарыстардан — 30-ға жуық оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде жетістіктерге жетті.

Атап айтсақ, тек ауданның  емес,  облыс намысын да қорғап, республикалық олимпиадаларда, байқауларда, ғылыми жоба қорғауда  №2 Хромтау гимназиясының, №4 Хромтау орта мектебі мен №5, №6 гиманзиялардың, сондай-ақ, Қопа орта мектебінің оқушылары топ жарып, жүлделі орындар иеленді.

Олар жақында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Сенің жеңісің — мемлекет мәртебесі» тақырыбындағы жеңімпаздармен болған кездесуге қатысты. Сол кездесуде біздің балаларға да Астана қаласында өтетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне жолдама сыйға тартылды.

Айман РАЕВА,

Хромтау аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button