Құқық

Биыл облыста қылмыстың саны 35,5 пайызға азайған

Облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Арыстанғани Заппаровтың қатысуымен өткен брифингте облыстағы криминогендік жағдай баяндалды.

Арыстанғали Заппаровтың баяндауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылдың қазанында облыстағы орталық мемлекеттік органдар облыс аумағындағы жағдайды сауықтыруға бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізген.

Бұл — құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстың жаңа форматы. Бұл бағыттағы жұмыстар болған проблемаларды күштерді біріктіре отырып шешуге, оларды жою мен азайтуға қоғамның барлық күшін үйлестіруге мүмкіндік берді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен барлық мемлекеттік органдардың бұл бағыттағы жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылды және ағымдағы жылдың сәуір айында оның төртінші кезеңі аяқталды. Қабылданған жүйелі шаралар өңірдегі криминогендік жағдайға оң ықпал етті. Атап айтсақ, көшелер мен қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, оның ішінде, кісі өліміне әкеп соқтырған қылмыстар, алаяқтық пен мал ұрлау қылмыстарының саны айтарлықтай азайды. Сондай-ақ тонау, зорлау және пәтерден ұрлау, қару ұрлығы, қарақшылық шабуыл, бөтеннің мүлкін ұрлау, орта дәрежедегі және онша ауыр емес қылмыстар саны да азайып отыр, — деді А.Заппаров.

Брифингте белгілі болғандай, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, несиелеуді арттыру, жаңа өнеркәсіптер мен жұмыс орындарын ашу, қарапайым адамдардың өздерін мазалап жүрген көптеген сұрақтарының шешілуі өңірдегі криминогендік ахуалды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, биылғы жылдың 1-тоқсаны бойынша облыста жалпы қылмыстың саны 35,5 пайызға азайған. Сондай-ақ көшелер мен қоғамдық орындарда болатын құқықбұзушылықтар, ұрлық, зорлық-зомбылық көрсету, алаяқтық жасау, пәтер ұрлау қылмыстары да азайған.

 Облыстық ІІД баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button