Құқық

«Айқын» өтініштер қозғалысын бақылайды

Жемқорлыққа жол жоқ

Еліміздегі заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз ету шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті тарапынан өтініштердің қаралу барысының айқындылығын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерге алғышарт ретіндегі шенеуніктер мен азаматтардың жеке қарым-қатынасын болдырмауды көздейтін «Айқын» сервисі қалыптастырылды.

Бүгінгі күні «Айқын» ақпараттық сервисі халық арасында танымал, құжаттардың өту рәсімінің айқындылығын қамтамасыз ететін қажетті шара болып табылады.

Сервис жеке және заңды тұлғалардың өз өтініштерін мемлекеттік органдардың нақты уақыт тәртібінде қарау барысын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Мысалы,  әркім өз өтініші бойынша құжат қозғалысымен қатар, оны қарау мерзімдерінің бұзылу деректерін де қоса бақылай алады.

«Айқын» ақпараттық сервисінің ерекшелігі сонда, ол  алғаш рет азаматтардың және ұйымдардың өз өтініштерінің қаралу барысын интернет желісі арқылы бақылап отыруына мүмкіндік береді, сонымен қатар өз кезегінде азаматтардың конституциялық құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз етеді.

Өтінішті мемлекеттік органға өз қолымен берген жағдайда өтініш беруші  өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкерінен 18 таңбалы бірегей нөмірі бар талон алады.

Талонның бірегей нөмірін пайдалана отырып, өтініштің қаралу барысы және нәтижелері туралы ақпаратты 8 800-080-7777 (стационарлық), 1414 (ұялы) нөмірлеріне қоңырау шалып және операторға талон нөмірін беріп немесе 1012-ге талон нөмірімен SMS-хабарлама жіберіп (барлық байланыс операторларына 15 теңгеден)  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің http://service.pravstat.kz сайтына кіріп, «Мемлекеттік органдарға өтініш» бөлімін таңдап, талон нөмірін теріп алуға болады.

Осы тәртіп бұзылған жағдайда  115 нөмірі арқылы ҚР Бас прокуратурасының Саll-орталығына хабарласуға болады.

«Айқын» ақпараттық сервисімен жұмыс жасау барысында азаматтарға толық ақпарат беру үшін Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен ірі сауда орталықтарында, қоғамдық көліктерде, сонымен қатар, әуе және теміржол вокзалдарының телеэкрандарында қазақ  және орыс тілдерінде видеороликтер жүргізілуде.

Дамир ҚАМЫСПАЕВ,

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы  есепке алу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының аға прокуроры.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button