Құқық

Талдау және бақылау

Жемқорлыққа жол жоқ

Мұғалжар аудандық орталық ауруханасында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Департаменттің №3 медициналық-сараптама бөлімінің мамандары аудан дәрігерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша  Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша жан-жақты түсіндірді.

Сондай-ақ, кеңестің күн тәртібінде медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары сөз болды.

Отырыста Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері К.Әбішев өз сөзінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының және құқықбұзушылықтардың себептерін болғызбау керектігін айтты.

Департаменттің №3 медициналық-сараптама бөлімі басшылығы тарапынан аудандық аурухананың бас дәрігеріне сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік мекеме қызметтерінде жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мониторингі бойынша сыбайластыққа  қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды жеке бақылауға алу қажеттігі тапсырылды.

Алдағы уақытта медициналық-сараптама бөлімі және  Мұғалжар аудандық орталық аурухана  қызметкерлері бірлесіп, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және оның алдын алуға бағытталған қосымша кешенді шаралар қабылдауға шешім шығарды.

Р.НЕТАЛИНА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті

Ақтөбе облысы бойынша департаменті

№3 медициналық-әлеуметтік сараптама

бөлімінің басшысы. 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button