Құқық

Курсанттарға заңдылықтар түсіндірілді

Дөңгелек үстел

 

Еліміз егемендігін алғалы бері қоғамның әлсіз топтарының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және тұрмыстық қылмыстардың алдын алу саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінгі күні мемлекетіміз әйелдердің ар-намысын қорғайтын, құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, бірдей конституциялық қағидаларды жүзеге асыруды көздейтін мемлекеттік саяси концепцияны іске асыруда.

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу әдістерін әрі қарай жетілдіру мақсатында дайындалған «Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заң күшіне енгені баршаға белгілі. Қазіргі кезде қоғамның әлсіз топтарын тұрмыстық  зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер  Заң қабылданғаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен зардап шеккендер мәселесіне аса көңіл бөлуде.

Жақында институтта жалпы білім беру кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі Альфия Саттарованың ұйымдастыруымен қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алуына қатысты дөңгелек үстел отырысы өтті. Облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері, психолог, теолог мамандар қатысқан шарада курсанттарға  «Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заң жан-жақты түсіндіріліп, бұл бағыттағы профилактикалық іс-әрекеттерді жетілдіру жайы айтылды.

Бүгінде Елбасы тапсырмасына орай облысымызда құқық қорғау органдары қоғамның әлсіз тобына жасалған қылмыстардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.

 

Зарина МҰХАНҒАЛИЕВА,

ҚР Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институтының тәрбие жұмысы

бөлімінің инспекторы, полиция капитаны.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button