Құқық

Сыбайлас жемқорлықпен күрес — негізгі ұстаным

Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ең өзекті мәселелердің бірі. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейте түсуге басымдық берген. Бұл туралы басты құжатта: «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс» деп жазылған.

Тәрбиелік маңызы зор кең ауқымды жұмыста мемлекеттік органдар қызметкерлеріне көп талап қойылып отыр. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу ұстанымынан ауытқыған емес. Басшының бұйрығымен құрылған сәйкесінше комиссия ұжым алдында есеп беріп отырады. Ғимаратта заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдары  үшін «Сенім жәшігі» орнатылған.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөніндегі маңызды іс-шаралардың бірі — азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тіркеу, есепке алу, мерзімінде қарап, уақтылы жауап беру. Бұл орайда азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-шағымдары арнайы арыз-шағым тіркеу базасына енгізіліп, мерзіміне сәйкес қаралып, жауап беріледі. Сондай-ақ, басқарма дәлізінде ілінген ақпараттық стендтерде жеке және заңды тұлғаларды қабылдау  кестесі мен өтініштердің үлгілері, Қазақстан Республикасы Президентінің  29.12.2015 жылғы

№153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), т.б. мәліметтер ілінген.

Мемлекеттік орган қызметінің айқындығын қамтамасыз ету үшін басқарманың сайтында сенім телефоны, қабылдау кестесі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу және тағы да басқа ақпараттар орналастырылған. Сондай-ақ, сайтта заңды және жеке тұлғаларды хабардар ету мақсатында мемлекеттік тіл саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық актілер жарияланған.

Облыс тұрғындарының толғандырған сауалдарына жедел жауап беру мақсатында сайтта «Сұрақ-жауап» айдары бар. Сонымен бірге интернет-аудиториямен тікелей қарым-қатынас жасау үшін басқарма басшысының блогы ашылды. Блогта жеке және заңды тұлғаларды қабылдау тәртібі, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар, т.б. орналастырылған.

Басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері, заңбұзушылық болған жоқ. Мемлекеттік сатып алу конкурстары еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Айқындылық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер туралы жұртшылықты хабардар ету мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып тұрады.

 Гүлайым ТӨЛЕБАЕВА,

облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button